Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Арасында Қазақстан да бар»: Трамп әлем күтпеген салық енгізді

11:09, 24 шілде 2026

АҚШ билігі мәжбүрлі еңбекке қатысты талаптарды орындамаған Қазақстанды қоса алғанда, әлемнің 60 елінен келетін тауарларға 12,5 пайыз деңгейінде қосымша импорттық тариф белгіледі, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған жаңа импорттық баж салығы 24 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Америка тарапының мәлімдеуінше, бұл тізімге енген 54 экономика мәжбүрлі еңбек күшімен өндірілген тауарларды импорттауға тыйым салу жөніндегі талапты уақытында енгізе алмаған. Олардың қатарында Қазақстанмен қатар Алжир, Ангола, Аргентина, Аустралия, Багам аралдары, Бахрейн, Бангладеш, Бразилия, Ұлыбритания, Камбоджа, Чили, Қытай Халық Республикасы, Колумбия, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Мысыр, Сальвадор, Гватемала, Гайана, Гондурас, Гонконг (Қытай), Үндістан, Ирак, Израиль, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливия, Малайзия, Марокко, Жаңа Зеландия, Никарагуа, Нигерия, Норвегия, Оман, Перу, Филиппиндер, Катар, Ресей, Сауд Арабиясы, Сингапур, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея, Шри-Ланка, Швейцария, Тайвань, Таиланд, Тринидад және Тобаго, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Уругвай, Венесуэла және Вьетнам бар.

Сонымен қатар, тағы алты экономика, яғни Канада, Эквадор, Еуропалық Одақ, Индонезия, Мексика мен Пәкістан мұндай тауарларға салынған тыйымды тиімді түрде орындай алмағаны үшін осы шектеулер тізіміне кіргізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар