Дональд Трамп Израильдің Дохаға жасаған соққыларын «ақылға қонымсыз» деп атап, бұл туралы одақтастарынан емес, АҚШ әскери қызметкерлерінен білгеніне наразылық білдірді, деп жазады Alash.KZ.
Ақ үй бұл жағдайға қатысты: Катар — Вашингтонның маңызды серіктесі екенін ескеріп, оның аумағына жасалған шабуыл АҚШ пен Израильдің мүдделеріне сай келмейді деп мәлімдеді.
Дегенмен, ХАМАС-ты жою — екі елдің де ортақ мақсаты болып қала беретінін атап өтті.
«Бүгін таңертең Трамп әкімшілігі АҚШ қарулы күштерінен Израильдің ХАМАС-ты нысанаға алғаны туралы хабарлама алды. Өкінішке қарай, бұл топ Катар астанасы Доханың бір бөлігінде орналасқан. Бұл шешімді мен емес, Израильдің премьер-министрі қабылдады.
Катар — егемен ел және АҚШ-тың жақын одақтасы. Ол бізбен бірге бейбітшілікке қол жеткізу үшін үлкен тәуекелдерге барып, қажырлы еңбек етіп келеді. Оның аумағында біржақты бомбалау әрекеттері Израиль мен Американың мүддесіне сай келмейді.
Дегенмен, Газадағы халықтың қайғы-қасіреті арқылы пайда тауып отырған ХАМАС мүшелерін жою — бұл орынды мақсат», — деп жазды Ақ үй басшысы.