Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбенің Ырғыз ауданында да төтенше жағдай жарияланды

12:05, 08 сәуір 2024 342

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында су деңгейі көтеріліп, төтенше жағдай жарияланды.

8 сәуір түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы су қоймасы мен Қарғалы өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты Ақжар және Садовый тұрғын алабы аумағындағы бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі төніп, 143 адам (25-і — бала) көшірілген.

Қарғалы өзені арнасынан шығып, Садовый алабына қарай жайылған. Әкімдіктің мәліметінше, алты үйге су кірген. Жергілікті билік судың бағытын бұру, бөгеу жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар