Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбегі мешіттен шығып бара жатқан қызға тиісіп, әдепсіз сөздер айтқан ер адам жазаланды

19:49, 26 шілде 2025 237

25 шілде күні Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінің шығаберісінде белгісіз ер адам жас қызға әдепсіз сөздер айтқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Ақтөбе облысы полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ер адамның жеке басы анықталды. Мән-жайды анықтау үшін ол ішкі істер органдарына жеткізілді.

Құқықбұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған мұндай әрекеттерге жол бермеу керектігі жөнінде қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігіне (Қоғамдық орында тиісу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Материал сотқа жіберілетін болады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар