Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде облысында 3 бала мен оларды құтқармақ болған әкесі суға батып кетті

09:56, 04 тамыз 2024 1247

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы орталығында аса қайғылы жағдай болды. Ырғыз өзеніне үш бала мен 39 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оқиға  Әйтеке би ауданы, Т.Жүргенов ауылы, Ырғыз өзенінде болдв.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1985 жылы туған ер адам 2011, 2013, 2017 жылы туған үш баланы құтқармақ болған.

Оның екеуі — өз баласы, біреуі туысы. 

— Суға шомылу кезінде балалардың қасында ата-анасы болған. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті тұрғындар 4 адамның денесін судан шығарды. Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарын суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, маусым айында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің екі студенті де Ақтөбе қаласында суға батып кеткен еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар