Ақтөбеде үш жасар қыз бүлдіршіннің өзі көлік жүретін жолға шығып кеткен. Кішкентай баланың көше ортасында жүрген видеосы әлеуметтік желілерде кең тарады, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Көліктердің бейнебақылау камераларына түскен кадрларда кішкентай қыздың үлкен көшеге шығып, көліктерге қарсы беттеп келе жатқаны анық көрінеді. Алайда, жолда келе жатқан бірнеше жүргізуші дереу әрекет етіп, көліктерін тоқтатып, баланы қоршап, ішінен біреуін қауіпсіз жерге алып шыққан.
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Оқиға болған сәтте әкесі жұмыста, анасы іс-шарада болған. Балалар қараусыз қалған», – деп мәлімдеді ол.
Ата-аналардың кім екені анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») әкімшілік хаттама толтырылды. Олар айыппұлмен жазаланды.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті де жағдайды растап, оқиғаға қатысты ресми мәлімет берді.