Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбе облысында жанып тұрған жарық шамның тұғырына өрмелеген 10 жастағы баланы тоқ соқты

20:53, 20 маусым 2025 404

Ақтөбенің Шалқар ауданында ойнап жүрген 10 жасар бала тоққа түсіп қалды, деп хабарлайды  ALASH.KZ.

Жеткіншек   көшеде жанып тұрған жарық шамға өрмелеп шығамын деп жазым болған көрінеді. Дереу ауруханаға жеткізілген, кейін санавиациямен қалаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы әлі де болса ауыр деп бағалап отыр. 

Электро жарақат алған, күйген жерлері бар. Түскен кездегі  жағдайы ауыр болған Шалқарда шок жағдайында. Қазір алған емнің арқасында шоктан санасы өзіне келді, - деп мәлімдеді дәрігер Қуантай Махамбетов

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар