Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтаулық спортшы қыз Шальнованы өлтірген қылмыскер 22 жылға сотталды

15:23, 05 наурыз 2024 472

Шальнованың туыстары айтқандай, айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады.

«Өкінішке қарай, бұл үкім маған жеңілдік сыйламады. Оны сезіну қазір мүмкін емес те шығар. Ешбір жаза маған баланы қайтармайды. Дегенмен, біз мерзімді әділ деп санаймыз. Мен шындықтың белгілі болуына көмектескендердің барлығына ризамын. Олар біздің адвокаттар мен тергеу бөлімі, БАҚ пен прокуратура және судья», - деді Валерия Шалнованың анасы.

Жәбірленуші тараптың адвокаты да шешімге риза екенін жеткізді. Үкім бүгін ғана айтылды және әлі заңды күшіне енген жоқ. Ажар Әбділ алда апелляциялық процестер болады деп отыр.

«Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 22 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Жәбірленуші тарап үкіммен келіседі. Біз айыптауды қолдаған сот пен прокурорға алғыс айтамыз. Мұндағы ауыр жұмысты полицияның тергеу тобы жасады. Сотталушы кінәсін мойындамады. Олар үкімге шағымдануы мүмкін», - деді адвокат.

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдіктелген полицейлердің әрекеттері бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар