Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда зорлықпен қаза тапқан марқұм Алинаның өліміне қатысты тағы да тың ақпарат шықты

12:00, 04 ақпан 2025 1126

Марқұм Алинаның ағасы Бауыржан Жолжан күштеп рәсімделген несиеге қатысты кейбір жайттарды баяндады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бауыржан Жолжан Алина Серіковаға күштеп рәсімделген несиеге қатысты кейбір нюанстарды айтты.

“2024 жылдың мамыр айында қарындасыммен болған жағдайдан кейін мен бірден оның шотын жаптым. Өз кезегінде сотталғандардың отбасылары несиені жабуы керек. Әзірге оған ешқандай өсімпұл қосылмайды. Олар (сотталғандардың отбасылары – авт. ескертпесі) ақшаны қайтарған бойда мен қарындасымның шотын ашып, несиені жаптым”, – деп түсіндірді ол.

Бұған дейін белгілі болғандай, қылмыстық іске қатысы барлардың бірінің қорғаушысы Бауыржан Жолжанға қатысты арыз жазған. Адвокаттың айтуынша, сот отырыстарында ол үнемі буллингке ұшырап, бірнеше рет қоқан-лоқы алған.

Бауыржан Жолжан оған қарсы шағым түсірді. 4 ақпанда Lada.kz тілшісіне берген сұхбатында ол бұл оқиға бойынша әзірге ешқандай ілгерілеушілік болмағанын айтты.

“Осы аптада сот ісін қарау күнін белгілейтіндерін айтты”, – деп қысқаша пікір білдірді ол.

Қылмыстық іс және сот үкімі

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айында желіде қайтыс болған Алина Серіковамен байланысты видео тарады. Куәгерлердің айтуынша, қыз биік ғимараттан секіріп, өзіне қол жұмсаған. Трагедия 19-мөлтек аудандағы №40 үйде болған деп болжануда.

Ол кезде полиция оқиғаны “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” деп бағалаған.

2025 жылдың қаңтарында “НеМолчи.kz” қоғамдық қоры оқиғаның егжей-тегжейін жариялады. Нәтижесінде, Алина Серікова бес ер адамның тарапынан зорлық-зомбылыққа, есірткі қолдануға мәжбүрлеуге және қатыгез қорлыққа ұшырағаны анықталды. Қыздың ұрлану сәтінің видеосын оның ағасы Бауыржан Жолжан ұсынды. Сонымен қатар, қылмыскерлер оның атына 2 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, ақшаны қолма-қол алған.

Қор өкілдерінің айтуынша, прокурор соттан басты күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал қалған төрт айыпталушыға 15-16 жыл жаза тағайындауды сұраған. Алайда сот айыптарды қайта саралап, үкімді өзгертті. Судья өз шешімін қыздың қаза болуына бес ер адамның әрекеттері емес, өзіне қол жұмсауы себеп болды деп түсіндірді.

Қоғамдық қордың мәлімдемесінен кейін Маңғыстау облысының прокуратурасы қылмыскерлерге берілген жазаны қатаңдатуды талап етті.

Сонымен қатар, “НеМолчи.kz” қорының президенті Динара Смаилова қылмыстық іске қатысы бар айыпталушылардың басым бөлігі бұрын сотталған екенін айтты.

Бауыржан Жолжан Lada.kz басылымынасот процесінің барысы туралы айтып, қарындасын күштеп ұстаған жердің кадрларымен бөлісті.

Айта кетейік, апелляцияны 21 қаңтардақарау жоспарланған, бірақ айыпталушылардың бірінің қорғаушысы келмегендіктен, сот кейінге шегерілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар