Әлеуметтік желіде өз көлігін бассейнге айналдырып, әрекетімен ел біткеннің назарын аударған қос блогер қызу талқыға түсті. Нұрдәулет Бексұлтан мен Ерболат Жанабылов видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Бейнекадрлардан көлік салонының бассейнге айналғанын көруге болады, деп жазады Alash.KZ ұлттық порталы.
Қос блогер мұндай әрекетімен қаланы шарлап, тұрғындарды суға түсуге шақырады. NNN мен Ерболат Жанабыловтың әрекетін көрген оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Қаралағанның да, қолдағанның да қарасы көп:
"Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді" деген осы шығар", "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы...Біреулер нандарын асырай алмай жылап жүрсе, біреулер тойынғандықтан көліктің ішінде суға түсіп жүр", "Қарыны тоқтық, уайымы жоқтық аздырар адам баласын", "Бөлексіңдер", "Ақша не істетпейді", "Білгенін істеп жатыр", "Мынау артық-ау деп ойлаймын", "Ақша не істетпейді", - деді жұрт.
KAZ.NUR.KZ порталының жазуынша, аталған жайтқа қатысты елорда полиция департаменті пікір білдірген. ПД өкілдері Tank маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын алға тартты.