Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

АҚШ Ресейдің банк саласы мен мұнайына қарсы санкцияларды күшейтеді

10:48, 14 наурыз 2025 1334

Ақ үй әкімшілігі Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы шешім қабылдады. Шектеулер энергетика және банк секторларын қамтиды, деп жазады alash.kz. 

CBS хабарлауынша, АҚШ Қаржы министрлігі 2025 жылдың қаңтарында Джо Байден енгізген 60 күндік жеңілдікті алып тастады.

Бұл Ресейдің санкцияға ұшыраған банктерімен энергетика саласында белгілі бір операцияларды жүргізуге мүмкіндік берген болатын.

Енді ресейлік банктерге АҚШ төлем жүйелері қолжетімсіз болып, олар транзакциялар жүргізе алмайды.

«Трамп әкімшілігі Ресейдің мұнай-газ және банк секторларына қосымша шектеулер енгізеді», - делінген хабарламада.

Бұл шешім басқа елдердің Ресей мұнайын сатып алуы кезінде белгілі бір қиындықтарға әкеледі деп күтілуде. Сарапшылар мұнай бағасы бір баррель үшін 5 долларға қымбаттап кетуі мүмкін екенін де айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар