Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«АҚШ, Қытайдан шақыру алған дарынды бала…»: Алматыда мектеп түлегі өз-өзіне қол салды

09:41, 09 маусым 2026

Алматыда мектептің соңғы қоңырау дайындығынан кейін көз жұмған дарынды лицей түлегінің өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады Alash.kz.

Алматы қаласындағы №126 мамандандырылған лицейдің үздік оқушысы 23 мамырға қараған түні Әуезов ауданында түнгі сағат 03:00 мен 04:00 аралығында қаза тапты. Qaz365.kz порталының мәліметінше, марқұмның ұстаздары мен достары болашағынан үлкен үміт күттірген жасөспірімнің қапыда дүниеден озғанына әлі де сене алар емес. Қаңтардағы ҰБТ-дан 119 балл, ал сынақ тестілерінде 134 балл жинаған дарынды шәкірт математика олимпиадаларына да белсенді қатысып келген.

Мектеп директоры Айжан Әбуева оқушының жоғары үлгерімі мен өмірінің соңғы күндеріндегі жай-күйі туралы былай деді:

«Ол өте жақсы оқыды. Оны АҚШ пен Қытайдың оқу орындары білім алуға шақырған. Бұл туралы мектепте ешкім білмеген, ақпарат тек жерлеу рәсімінде айтылды. Сондай-ақ ол қатарлас сыныптағы қызбен кездесіп жүрген».

Жақындарының айтуынша, қайғылы оқиғаға дейін жасөспірімнің мінез-құлқынан ешқандай оғаш қылық байқалмаған. Ол 22 мамыр күні мектепте соңғы қоңырауға арналған вальс дайындығында көтеріңкі көңіл күйде жүрген.

Мектеп директоры Айжан Әбуева түлектің сол күнгі әрекеттерін былай деп еске алды:

«Ол соңғы қоңырауда міндетті түрде өзінің мұғалімін биге шақыратынын айтқан еді. Өте көңілді жүрді. Сол күні кешке үйіне келіп, анасына «ет жейік» деген. Кейін бәрі демалуға жатқан».

Марқұм отбасындағы үшінші бала болған. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын, соның ішінде отбасылық келіспеушіліктердің болу-болмауын тексеріп жатыр. Дегенмен сынып жетекшісі ата-ананың мектеп өміріне тұрақты қатысқанын және үйде ешқандай жанжал белгілері байқалмағанын алға тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар