Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді”. Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың сынына жауап берді

11:04, 09 ақпан 2025 381

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиев Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың "МузАРТ" тобының студиясына қатысты айтқан сынына жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Сәкен Майғазиев "1001 түн"бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Ол Мақпал Жүнісованың бұл пікіріне еш ренжімегенін, түсініспеушілік туындағанын түсіндірді. 

"Біздің студиямыздың алдында кішігірім ойнайтын автоматтар бар. Мақпал әпкемізге солар кедергі келтірген болуы керек. Мен көп қалалардағы студияларда болдым ғой. Негізі біздің "МузАРТ-тың" студиясы ең жақсы студиялардың бірі. Студия расымен екінші үйіміз сияқты ғой. Тап-тұйнақтай, тап-таза болып тұрады", - деді әнші. 

Сондай-ақ Сәкен Майғазиев Мақпал Жүнісованың кез келген сынын көтеретінін, тіпті "қол көтерсе де" ренжімейтінін айтты. 

"Ол кісі пікірін желіге жүктегенде тек біз ғана көреді деп ойлаған болуы керек. Ақкөңіл, аңқылдақ әпкеміз ғой. Ол кісіге не айтса да жарасады. Бізге қол көтерсе де ренжімейміз. Тек оны ақпарат таратушылар дүрліктіріп жіберді. Мақпал әпкемізге еш өкпе жоқ", - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Мақпал Жүнісова инстаграм-парақшасындағы сторисінде "МузАРТ" тобының ән жазатын студиясына барып, баспалдақтан құлай жаздағанын айтып, студияның жөндеу жұмыстарын көрмегеніне шағымданған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар