Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақмола облысында 44 жастағы әйел жоғалды. Ол алты күннен бері табылмай жатыр

09:23, 19 маусым 2024 483

Ақмола облысында 6 күн бұрын жоғалған 44 жастағы Гүлнұр Ерназарқызы Досановаға іздеу салынды. Ол 12 маусым күні сағат 13:30 шамасында үйден шығып, содан қайтып оралмаған.Облыстық полиция департаментінің өкілдері оның психикалық ауытқуы болғанын айтады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Гүлнұр Ерназарқызы Досанованың жоғалып кеткені жайлы Целиноград ауданы, Талапкер ауылында тұратын оның 59 жастағы туған әпкесі полицияға хабарлап айтты. Алты күн бойы өздері іздеп көрген. Бірақ нәтиже шықпаған. 

Әпкесінің сөзінше, әйел бұрын да үйінен кетіп, кейін қайтып оралып жүрген. Сол себепті, туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеп көрген, одан нәтиже болмаған соң полицияға хабарласқан. Жоғалған адамның бойы 160-165 см, дене бітімі арықша келген. Шашы қара түсті, иығына түскен. Денесінде ерекше белгілері жоқ. 

Үстіне қара түсті шалбар, ақ және көк жолақтары бар көк түсті спорттық костюм, ақ түсті кроссовка киген.

"Қазіргі уақытта жоғалған әйелді іздеуге Целиноград аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ жақын маңдағы полиция бөлімдері бағытталған. Бағдарлар Астана қаласы мен көршілес облыстардың ПД-на жіберілді. Полиция қызметкерлерінен және жоғалған адамның туыстарынан арнайы іздеу топтары құрылды. Олар такси және автобус жүргізушілерінен, сондай-ақ теміржол вокзалы мен автостанция қызметкерлерінен сұрастырып жатыр", – деді ведомстводан.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар