Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ақиқат ашылуы тиіс...”: Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған жігіттің өлімі жайлы жаңа дерек шықты

15:45, 23 ақпан 2026

Талғарда хабар-ошарсыз кеткен 27 жастағы Ғалымжан Шерзатұлының денесі туған жеріне апарып тапсырылды. Бұл туралы заңгер Бағдат Амандосұлы желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz.

"Бүгін Ғалымжанды туған жері Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылына апарып соңғы сапарға шығарып салдық.
Жаназа – әділетсіздікке толы ауыр шындықтың куәсі болды.
Біз үнсіз қала алмаймыз.
Ғалымжан Талғар ауданы полициясы тарапынан азаптауға ұшырады.
Бұл – жай сөз емес, бұл – жауап беруді талап ететін айып.
Ақиқат ашылуы тиіс.
Кінәлілер жазасыз қалмауы керек.
Ғалымжанның қаны – біздің ар-ожданымызда.
Ұмытпаймыз.
Күресеміз.
Әділдікке дейін тоқтамаймыз. Жаратқан Аллам, осы Шерзатұлының өліміне қатысты тұлғалардың барлығын әшкереленіп, заң алдында жазаға тартуға маған сабырлық пен қуат бере көр!" – деп жазды Бағдат Амандосұлы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар