Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ақ баталарыңыз біз үшін өте қымбат»: Роза Рымбаева жаңа құдаларымен танысты (ВИДЕО)

22:00, 07 қазан 2026

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева келіні Ақерке Бүркітбайдың отбасындағы қуанышқа ортақтасып, жаңа құдаларымен танысты. Ақеркенің сіңлісі ұзатылып, әулет дүбірлі той өткізді, деп хабарлайды Alash.kz Ult.kz-ке сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол сіңлісінің ұзату тойына арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, ақ тілегін жеткізді.

"Ақиісімізді ұзаттық. Арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Тойдың басынан аяғына дейін бірге болып, ақ тілектеріңізді айтып, атсалысып, тойымыздың көркін қыздырғандарыңызға мың алғыс. Әрбір жылы лебіздеріңіз бен ақ баталарыңыз біз үшін өте қымбат", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Салтанатты кешке Роза Рымбаева да арнайы қатысқан. Әнші келінінің төркінімен бірге қуанышты сәтті бөлісіп, жас жұбайларға ақ батасын берді. Осылайша, өнер иесі келіні жағынан жаңа құдаларымен танысып, екі әулеттің қуанышына куә болды.

Айта кетейік, Ақерке Бүркітбай – әнші Әли Оқаповтың жары. Жұлдызды әулеттің келіні әлеуметтік желіде отбасы өмірінен түрлі сәттерді бөлісіп отырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар