Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Антикор мемлекеттік қызметкерлерді түрмелерге апаратын болды

14:54, 07 наурыз 2024 1087

Антикор жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді абақтыға апармақ. Яғни Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкерлері уақытша ұстау изоляторларына апарып, экскурсия жүргізеді.

Бұл туралы бүгін брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.

Оның сөзінше, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

«Тергеу изоляторларына осындай экскурсиялар арқылы оларға түрмеде болу ауыртпалығын сезінуге, сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтардың салдарымен таныстыруға мүмкіндік береді», – деді Арман Тілеукенов.

Сонымен қатар, сот отырыстарында профилактикалық жұмыс тәжірибесіне еңбек ұжымдары да қатысады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар