Халыққа «Ақбота-Нұр» лақап атымен танылған әнші Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырғанын мәлім етті деп хабарлайды Alash.kz Sadaqmedia.kz қа сілтеме жасап.
Бұл жайында өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Кешью» тобының экс-солисі көпшілікке өзгертілген жаңа жеке куәлігін көрсетті.
«Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр», - деп жазды ол. Ал құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні «Даирбек Ақбота-Нұр» деп көрсетілген.