18 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында алғаш рет алаңға шықты, деп хабарлайды Alash.kz.
Англия Чемпионшипінің екінші туры аясында өткен бәсекеде «Бернли» қонақта «Вест Бромвич» клубымен шеберлік сайыстырды. Тартысты өткен ойын 3:1 есебімен алаң иелерінің айқын жеңісімен аяқталды.
Аталған кездесуде қазақстандық шабуылшы алғаш рет команданың ресми өтініміне енгізіліп, ойынның 57-минутында қосалқы құрамнан алаңға қосылды. Алайда ол бөлінген уақыт ішінде нәтижелі ұпайлармен немесе голмен көзге түсе алған жоқ.
Осы жеңілістен кейін еншісінде 1 ұпайы бар «Бернли» турнирлік кестеде 18-орынға төмендеді. Ал екі ойында да жеңіске жетіп, 6 ұпай жинаған «Вест Бромвич» клубы екінші сатыға жайғасты.