2024 жылдың 20-шілдесінде Ақнәр есімді қыз терезеден құлап, мерт болды. Алайда, оның анасы қызының өзі суицид жасамағанын, жанындағы құрбыларының қинап өлтіргенін алға тартуда. Журналист Руслан Өтепбай марқұм болған қыздың анасынан сұхбат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Сұхбатта анасы Ақнәр қызының өлер алдында өзіне үш рет қоңырау шалғанын баяндады. Сондай-ақ телефонындағы соңғы хабарласылған нөмірлер көрсетілді.
20:44:-те Ақнәр мен Ранна лифтке кіреді. Лифттен 20:45-те шығып, Дидар деген қыздың пәтеріне барады. Арада 6 сағат өткен соң, түнгі 02:00-де Ақнәрдің телефонынан анасына қоңырау түседі. Анасы қайта хабарласқан кезде тұтқаны ешкім көтермейді. Ал 02:30-да Ақнәрдің нөмірінен бейнежазба келеді. Видеода Ақнәр жерде жатады, үстінде Ранна деген қыз әлденені айтып, қолдарын қысып алған. Видеоны таспалаған үшінші қыз. Есімі Дидар. Видеоны көрген анасы Ақнәрға қайта-қайта қоңырау шалады. Ешкім көтермейді. Туыстары да хабарласады. Жауап болмайды. Екі қыздың біреуі жедел-жәрдемге үш рет қоңырау шалады. Жедел-жәрдемге келіп түскен байланыс бойынша мәтіні мынадай: бір қыз есінен танып жатыр! Содан 02:52-де Ақнәрдің телефонынан анасына тағы бір видео келеді. Видеода бір қыздың шыңғырған даусы естіледі. Араға 2 минут салып, 02;54-те Ақнәр жерге құлайды. Ал қыздар түк болмағандай пәтердің ішінде отыра береді”,- деді Руслан Өтепбай.