Дағыстанда жантүршігерлік оқиға болды. Анасы өзін зорлағаны туралы арызданған қызын, бізді масқара етті деп үш күн бойы радиаторға байлап ұстаған, деп хабарлайды Alash.kz.
Маш Гордың мәліметінше, анасы мен ағасы қызды үш күн бойы пәтерде байлап ұстап, тамақ бермеген.
Ол қағазға көмек сұрап, оны теледидардың басқару пультіне орап, терезеден лақтырып жіберді.
Туыстары өз әрекетін былай түсіндірді: жасөспірім мінезсіз, үнемі үйден қашып жүреді, сондықтан олар төтенше шара қолдануға мәжбүр болды.
Сонымен қатар, бойжеткен топтасып зорланғанын және сыныптастарының оны есірткіге итермелейтінін айтып шағымданған.
Бала емделуде, полицияға арыз берілді, анасымен кәмелетке толмағандар ісі бөлімі айналысады.