Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Анасы қайтыс болған: 6 жасар қыз заңгерден өгей ағам тиіседі деп хат жазған

08:02, 06 қараша 2024 1342

Заңгер Ләззат Рақишева өзіне келген кезекті хатты жариялады, – деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Хатта әйел көршісінің 6 жасар қызы үшік көмек сұраған. Айтуынша, кішкентай қыздың анасы қайтыс болған, өгей ағасы тиісіп жүр екен.

"Сізден көмек сұрайын деген едім, кішкентай қызымның көрші құрбысы 6 жасар, үйге келіп екеуі ойнайды,бүгін сол қыз келіп маған өгей шешесінің баласы тиісетінін сыбырлап айтты. Қыздың анасы қайтыс болған екен,өзіміз жақында көшкен едік .. көршілерді танмаймын. Тек қана әжесін білемін. Өгей ағасы тиісіп жүр ме деп күдіктенемін. Бир-екі рет ана жерлерін ұста деген. Әжесіне, папасына айтқан, папа ұрысты балаға дейді, бірақ ол бала маған ренжіп жүр дейді. Мен қорқып кеттім, қандай көмек бере аламын? Мен не істесем болады?", - деп жазған келіншек. 

Заңгер хатты алысымен полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкіліне хабарласқан. 

"Осы жағдайды дереу полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкілі @bala.ombudsman.astana.kz Бимендина Әсима Темкенқызына хабар бердім . Бұл істің мән - жәйін тексеріп, қыздың ата-анасымен, өгей ағасымен полиция қызметкерлері бәрі жұмыс істеп жатыр.Өгей ағасы шынымен бар екен, 14 жасар бірақ ешқайда оқымайтын бала болып шықты..Неге мектепке бармағанын өздері анықтап жатыр. Қәзіргі уақытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция, бала уәкілі бәрі өз жұмыстарын атқарып жатыр. Осы ретте Әсима Темкенқызына дер кезінде кішкентай қызға көмек беріп, мектепте тіркелмеген баланы анықтағаны үшін алғысымызды айтамыз. Менің оқырманыма алғысымды айтамын. қорықпай бүкіл болған жағдайды түнделетіп маған хабарлағаны үшін,өзінің азаматтық борышы санап қыз балаға жаны ашыған үшін рахмет!", - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар