Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анасы мен ағасы”: Қостанай облысында екі адамның мәйіті табылды

21:22, 29 қыркүйек 2025 63

Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында жергілікті тұрғындар екі адамның мәйітін тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Azattyq Ruhy сайтының мәлімдеуінше, қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Мәйіттерді кәмелетке толмаған қыз бала тауып, ауыл тұрғындарының біріне айтқан. Ол полицияға хабар берген. Қаза тапқандар қыздың анасы мен ағасы болып шықты.

«Ауыр қылмыс фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттігімізге берген түсініктемесінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар