Әнші Алтынай Жорабаева желіде жазба қалдырып, жолдасының арманы жайлы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Аминошкамыз өнер адамы болар ма екен? Әне-міне дегенше, Алла қаласа 7 қаңтар күні 1-ге толады. Құрсағымда жатқанда УДЗ-де қыз деген соң, әкесі есімін де таңдап, «Алла қаласа, қызымыз әнші болса екен. Сен сахнада ән айтқанда немесе жеке концертіңде әке мен мама 1-қатарда отырып, қуаныштың көз жасымен марқайып, мақтанып отырғанын көріп, сол сезімдерін сезініп, біз екеуміз де сондай ата-ана болсақ қой деп армандаймын» деді. Кім болса да, ең бастысы, дені сау болып, еліне, дініне қызмет ететін, абыройлы, бақытты, ғұмыры ұзақ қыз болсын», – деп жазды Айгүл Жорабаева.