Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Амандық Баталовтың күйеу баласына Қырғызстан не үшін іздеу жариялады?

13:40, 15 мамыр 2025 278

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабеков қылмыстық топқа қаржы бөлді деген күдікке ілінді, деп жазады Alash.KZ.

Тергеу нұсқасы бойынша, ол кезінде атышулы «заңдағы ұры» Камчы Көлбаев (Камчы Асанбек) басқарған ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыс орнатқан.

Қырғызстанның арнайы қызметі таратқан ақпаратқа сай, Жұмабеков Көлбаевпен тығыз жеке және іскерлік қарым-қатынаста болған. Ол Көлбаевтың бопсалау, рэкет және кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинаумен айналысатынын біле тұра, өз жобаларын ТМД елдерінде қорғау және жүргізу үшін одан қамқорлық іздеген.

Кәсіпкер мен қылмыс серкесінің Ыстықкөл жағасындағы «Барс» демалыс орнында бірнеше рет кездескені, сондай-ақ Жұмабеков Алматыға келген Көлбаевтың туыстарына көмек көрсеткені айтылып отыр. Қазір Ерқанат Жұмабековке халықаралық іздеу жарияланды.

Ерқанат Жұмабеков — Қазақстандағы ең көне кәсіпорындардың бірі саналатын «Айдабол спирт зауыты» АҚ басқарма төрағасы.1908 жылы Айдабол ауылында негізі қаланған зауыт қазіргі таңда әртүрлі сорттағы этил спиртін шығарады.

arasha.kz мәліметінше, Ерқанат Жұмабеков — кәсіпкер ғана емес, өңірлік саяси элитаға қатысы бар тұлға. Ол 2014–2021 жылдар аралығында Алматы облысын басқарған, саяси салмағы бар Амандық Баталовтың күйеу баласы.

Баталовтар әулеті оңтүстік өңірлерде ұзақ жылдар бойы ықпалын сақтап келген. Ал Ерқанат Жұмабеков ашық дереккөздерде Алматы мен облыстағы құрылыс және девелоперлік компаниялармен байланысты тұлға ретінде көрсетіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар