Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әлихан Бөкейхан: Бұлардың озып жүргені осы балаларын оқытқандарынан емес пе?

23:49, 25 сәуір 2024 413

Еуропа анау, әрмән мынау деп, мұсылман өкпелейді. Бұлардың озып жүргені осы балаларын оқытқандарынан емес пе?

Бір жылда барлық студенттің жүзден 83 %-ы ғана емтихан ұстайды; қалған 17 %-ы тезек терген жалқаулар.

10 университеттің бір жылғы шығыны 10 миллион 52 мың 138 сом, мұның 59 %-ын қазына, қалған 41 %-ін студенттер төлейді.

Біздің патшалық қоластындағы жоғарғы шеберлік школда ("высшая техническая школа") 447 профессор, 9.343 студент бар, басқа сабақ тыңдаушылар 41. Ана студенттердің 30 %-ы Мәскеу техникалық школында оқиды. Оның 60 %-ы православни. Барлық техникалық школдың барлық шығыны 2 миллион 358 мың 773 сом, мұнын 60 %-ын қазына, 40 %-ын студенттердің өздері.

Петроградтағы медитсински институтында 1.525 қыз, тағы сондағы женски курста 5.597 қыз, Мәскеудегі женски курста 6.477 қыз оқиды.

Студент ұл мен қызды салыстырсақ, қыз саны ұл санының 32 %-ы-ақ болады. Әйел сорлы үш көшеде ұл қатарына кірер емес. Сонда да мұсылманнан артық. Бұл университет мүшесінен 18 қайтара кем қалған.

Біздің орыста гимназия 939, прогимназия 41. Бұлардағы шәкірттер 142 мың 935, бұлардан бір жылда оқу бітіруші 7.592, бұлардың ішінен 70 %-ы православни, еврей қызы 95%, еврей бейшараң ана 10 % дегенге болмай, адам санынан үш есе асырып отыр.

Біздің орыста реални школ [реальная школа] 276 болар да оқушы шәкірттер 76 мың 971, техникалық школдар 570, бұларда оқушы шәкірттер 10 мың 321. Бұлардан бір жылда оқу бітіретіндердің саны - 1.119, қыздар оқитын гимназия 826, прогимназия 95, бұларда оқитын шәкірт қыздар 303 мың 690.

Мұғалімдер институтта ("учителский институт") барлық шәкірт 1.818, семинарияларда 11 мың 66.

Қыр баласы.

"Қазақ" газеті, №130, 1915 жыл. Самар.

Дереккөз: Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы (1866-1937).

Шығармаларының 9 томдық толық жинағы.6 том.– Астана, 2013.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар