Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтын Орда" басшыларына іздеу жарияланды

06:50, 16 қаңтар 2023 200



Қазір осы заматтарды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижелері кейінірек хабарланады - делінген Қарасай ауданының криминалдық полициясының хабарламасында.

Айтпақшы, өткен жылы Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Анарбек Сейітовтің айтуынша, «Алтын Орда» базары KURYLYS LTD ЖШС мен Altyn Orda Qaz Trade Ltd ЖШС-на тиесілі делінеген-ді. Бұл екі компанияның екеуі де Болат Назарбаевпен тікелей байланысты. Сауда қыз-қыз қайнап жатқан базардың иелері соңғы жеті жылда бюджетке небәрі 400 млн теңге төлеген. Ал, осы базармен шамалас «Магнум» сауда үйінің өзі тек 2021 жылы 13,8 млрд теңге салық төлеген. Алайда "Алтын Орда" базарына қатысты соңғы оқиғалардың ешқайсысы Болат Назарбаевқа байланысты болмай тұрғаны түсініксіздеу сияқты.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар