Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алты айда алты соғысты тоқтатамын!”: Трамп ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

09:55, 15 тамыз 2025 306

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы саяси күн тәртібіндегі басты оқиғалардың бірі ретінде Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуін атады, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның пікірінше, бұл басқосу – бұған дейін Аляскада өткен Путинмен келіссөздерден де маңызды.

Трамп бұл кездесудің басты мақсаты – бейбітшілікке қол жеткізу екенін атап өтті.

 “Егер осы келіссөз нәтижесінде бейбіт шешім табылса, мен алты айдың ішінде әлемдегі алты соғысты тоқтатуға дайынмын”, – деді ол.

АҚШ президентінің айтуынша, саммитке Еуропа көшбасшыларын шақыру немесе шақырмау мәселесі әзірге талқылану үстінде.

“Қандай форматта өтетіні әлі нақты емес, бірақ бастысы – соғыстарды тоқтату жолында нақты қадам жасау”, – деп мәлімдеді Трамп.

Сарапшылар бұл мәлімдемені Трамптың халықаралық аренадағы беделін күшейтуге бағытталған қадамы ретінде бағалап отыр. Ал алты соғысты тоқтату уәдесі – қазіргі геосаяси ахуал жағдайында батыл, әрі даулы бастама.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар