Биді қойған хореограф Дильназ Ғалымжанова әлеуметтік желілерде олардың полиция бөлімшесінде төрт сағат қалай өткізгені туралы айтты, деп жазады Alash.KZ.
Оның айтуынша, би бар болғаны бірнеше минутқа ғана созылған. Кейін полиция келіп, барлық қыздарды алып кеткен.
«Қыздар бұл идеяны бірден қолдады. Бізге қандай хейт болатынын және жағдайдың ұстап әкетуге дейін баруы мүмкін екенін алдын ала білдік», — деді ол Instagram парақшасында.
Пікірлерде адамдар әртүрлі реакция білдіруде. Біреулер қыздардың сұлулығы мен икемділігіне тәнті болса, енді біреулер «ұят жоқ» деп наразылық білдіруде. Ал Дильназтың өзі мұндай перфоманс үшін батылдық керек екенін мойындайды.