Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматының "апортын" кімдер, не үшін отап жатыр? (Видео)

19:52, 28 қараша 2024 707

Алматы қаласының аумағы өскен сайын Қазақстанның інжу-маржаны "апорт" бақтарын жылдан жылға отап, босаған жерді жаппай сату трендке айналды, деп жазады Alash.KZ. 

Айталық, Алматыдан Талғарға, Алматыдан Қаскелеңге дейінгі тау бөктері осыдан оншақты жыл бұрын исі аңқыған жап жасыл алма алқап еді.

Соңғы жылдары сол алма бақтарды жер иелері әкімдікпен келісіп, жер телімінің мақсатын ауыстырып жаппай сатып жатыр. Жылда кқыста өсіп, жеміс беріп тұрған ағаштарды отап тастайды да, көктемге қарай сатылымға шығарады. 

Тұрғындар мұндай жауыздықтың себебін түсінбей әлек.

Төмендегі видеода оталған алма бақ пен қар астында қалған Қазақстанның бренді "апорт" алмасы көрсетіледі.   

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар