Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы лай көшкіні: 4 адамның денесі табылды

08 ақпан 2024 128
Алматыда лай басып қалған жерден тағы үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға орнында үйінділерді бөлшектеу және балшық массасынан тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстар өткір заттар, әйнек, арматура және т.б. заттар араласқан саз балшық массасының үлкен көлемімен, сондай-ақ үйге кіру жолының тар болуымен, техниканы барынша пайдалану мүмкін еместігімен қиындай түсті. Құтқарушылар жұмысты негізінен қолмен жүргізуде.
«Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты», – делінген хабарламада.

ТЖМ психологтары туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, бұған дейін лай көшкіні салдарынан төрт адам үйінді астында қалғанын жазғанбыз. Артынша 2007 жылы дүниеге келген бір адамның денесі табылғанын хабарлағанбыз.

Фото: ҚР ТЖМ
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?