Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алматыдағы кәріс блогерлерінің қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы жоғары" - Блогер, полиглот Владислав Тен

15:16, 26 ақпан 2026

Блогер Владислав Тен Алматыда кәріс ұлтынан шыққан контент блогерлермен кездескенін айтты, деп жазды  Alash.kz ұлттық порталы.

Оның сөзінше, кездесуде блогерлердің қазақ тілін меңгеруге деген шынайы ынтасы ерекше әсер қалдырған. Қатысушылардың бірі Өзбекстанда туып-өскендіктен, қазақша сөйлегенде кейде өзбек сөздерін араластырып жіберетінін де жасырмаған.

Алматыдағы кәріс блогерлерімен кездестім. Олардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы мені қатты қуантты. Бірі, мен сияқты Өзбекстанда туып өскендіктен, қазақша сөйлегенде арасында өзбекше сөздер қосып жібереді екен.
Біз өзгелер үшін емес, нақ осы қазақстандық кәрістердің қазақ тілін меңгеру деңгейін көтеруге үлес қосамыз деп шештік!

Владислав Теннің айтуынша, кездесу барысында нақты шешім қабылданған. Енді олар қазақстандық кәрістердің қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыруға үлес қосуды мақсат етіп отыр.

Блогер бұл бастама өзге біреулер үшін емес, дәл Қазақстанда өмір сүріп жатқан кәріс жастарының мемлекеттік тілді еркін игеруіне қолдау көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар