Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыдағы алапат өрт: Тың ақпарат пайда болды

19:30, 15 сәуір 2025 474

Алматыдағы қоймадағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Алматы қаласында бүгін, 15 сәуір күні, мегаполистің Алатау ауданында орын алған ірі өрт сөндірілді.

Өрт Самғау шағынауданындағы Жаңаарқа көшесінде орналасқан қойма ғимаратында шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрттің жалпы аумағы 1400 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіру үшін төрт жауынгерлік учаскеден тұратын жедел штаб құрылды. Оқиға орнында 87 қызметкер мен 25 техника бірлігі жұмылдырылды.

Сондай-ақ өрт сөндіруге өрт пойызы тартылды.

«Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық сөндірілді», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар