Қазіргі уақытта Алматыда 500-ден астам әуесқой-спортшылар тіркелген. Қатысушылар салмағы мен жасына байланысты тоғыз санат бойынша өнер көрсетеді. Жеңімпаздар 17 шілде күні кешке фестиваль аяқталғаннан кейін анықталады.

Фестиваль Қонаев қаласында басталып, Талдықорғанда өтті. Алматы жарыс өткен үшінші қала болды. Қазақстанның 20 қаласының жеңімпаздары (9 санат бойынша) 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Гранд-финалға қатысады. Әр қаладағы жүлде қоры: 1 орын - 200 000 теңге; 2 орын - 100 000 теңге; 3 орын - 50 000 теңге. Гранд-финалдың жүлде қоры: 1 орын - 3 миллион теңге; 2 орын - 2 миллион теңге; 3 орын-1 миллион теңге. Гранд-Финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
