Соның салдарынан Медеу ауданында екі үйге зақым келген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, зардап шеккен үйде төрт адам, оның ішінде екі бала болған.
Оқиға орнында Қазселденқорғау мекемесінің, Құтқару қызметінің (109), Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы ТЖД, Жедел медициналық көмек бригадасы, Медеу ауданының әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
№47 орта мектепте жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды. Хабарламада тұрғындар пунктке жүгінгеннен кейін өз бастамалары бойынша туыстарының үйіне кеткені жазылған.