Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда сегіз қабатты тұрғын үйден өрт шықты

13:32, 17 қазан 2024 121
 

Алматы қаласындағы Құрманғазы – Байтұрсынов көшелерінің қиылысына жақын орналасқан, сегіз қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Alash>KZ Алматы Төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сегізінші қабаттағы пәтерден басталған.

“17 қазанда сағат 11:58-де Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары шақырту бойынша Алмалы ауданы, Кашгарская көшесі, 69 мекенжайы бойынша жіберілді. Келген сәтте 8 қабатты тұрғын үйдің шатыры мен пәтер отқа оранғаны анықталды. ТЖД құрамынан 25 адам және 6 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Күштер мен құралдар күшейтіліп отыр. Қазіргі сәтте өрттің таралу қауіпі жойылды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оқиға орнында 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, өртке қарсы автосаты арқылы лафеттік оқпандар берілді, адамдардың болуына барлау жүргізілуде, автоцистерналар өрт гидранттарына орнатылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етіліп отыр.

Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында кептеліс пайда болып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін полиция өрт болған аумақты қоршауға алды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?