Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда Республика күніне орай Жетісу ауданындағы екі жүргіншілер аймағы көркейтілді

12:26, 22 қазан 2025 73

Жетісу ауданы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша ағымдағы жөндеу аясында «Арбат» жүргіншілер аймағы мен Айнабұлақ шағынауданындағы Мақатаев көшесіндегі жүргіншілер жолы толық көркейтілді, деп жазады Alash.kz.

Жұмыс Республика күніне дейін аяқталып, аудан тұрғындарына жасалған сый әрі қалалық ортаны жаңғыртудың бір көрінісі болды.

Жоба аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қоғамдық кеңістікті жаңарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда: аумағы 9,5 мың м² жаңа кеспе тас төселді, 266 заманауи шам тірегі орнатылды, 14,9 мың м² аумаққа көгал төселіп, ұзындығы 7,7 км автосуару жүйесі жүргізілді, балалар алаңы салынды, 6 жаңа аялдама кешені орнатылды, 25 қоқыс жәшігі, 40 орындық, 24 вазон қойылды, 8 шектеу бағаны орнатылып, 274 п.м. жасыл аймақ қоршауы орнатылды.

Сонымен қатар жүргіншілер аймағында ерекше арт-нысандар пайда болды – киіз үй пішініндегі сәндік арка және шағынаудан атауы жазылған инсталляция. Балалар үшін жарқын дизайндағы пиксель-алаңша жасалып, отбасылық демалыстың жаңа тартымды орнына айналды.

Жобаның жүзеге асырылуы аудандағы қалалық ортаның сапасын арттыруға, аумақтың эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар