Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды.
Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады.
Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Өзбекстандағы «Народное слово» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов сынды беделді мамандар медиа тренер болды.
«COVID-19: инфодемия» тақырыбында дәріс оқыған Эсма Чакыр ханым журналистің қызметі, ақпаратты берудегі өзгешеліктер, соңғы кездегі жаңа тенденциялар тақырыбында құнды ақпараттар берді.
«Social Media: Definition, effects and list of top Apps» тақырыбында сөз қозғаған Идирс Таш мырза қазақ журналистері мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Ал, Өзбекстаннан келген трентер Нұрлан Усманов өз еліндегі журналистердің қазіргі жай-күйі, оларды оқыту, дайындау сынды тәжірибелерімен бөлісті.
Екі күнге жалғасқан шараға қатысқан журналистерге арнайы сертификат табыстады.