Жаңа адамдардың «124» азаматтық науқанының қатысушылары интернетте балалар тап болатын қауіп-қатерді анықтау үшін тұрақты түрде әлеуметтік эксперименттер жүргізеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Белсенділер танымал әлеуметтік желілерде балалардың атынан фейк аккаунттар ашады. Арандатушылық фото мен жарияланымдар жоқтығына қарамастан, бұл парақшалар ересек еркектердің назарын тез аударады.
Қысқа хат алмасудан соң баланың жасын білсе де, олар жиі кездесіп, «ересектерге арналған нәрселермен» айналысуды ұсынады.
«124» азаматтық науқанының алматылық белсенділері танымал мессенджерлердің бірінде 12 жасар қыздың профилін құрды.
Бірнеше сағат өтпей-ақ, бұл аккаунтқа қызығушылық танытып, жеке кездесуді ұсынған ер адам табылды.
Кездесу кішкентай баланың үйінде өтеді деп келісілді.
Кішкентай қыздарды ұнататын адам «кездесуге» көтеріңкі көңіл-күймен келді. Алайда оның өкінішіне орай, оны пәтерде баланың орнына Жаңа адамдар белсенділерінің командасы күтіп алды.
Азғын — 27 жастағы Дархан Саден болып шықты. Ол кішкентай қызға интимді суреттер жіберіп, оған интим ұсынып, кішкентай бала білмеуі тиіс мәліметтермен бөлісті.
Азғынның хабарламалары мен жеке мәліметтері полиция қызметкерлеріне берілді, алайда оқиға мұнымен бітпеді.
Біраз уақыттан соң біздің белсенділерге өзін «заңшылмын» деп таныстырған Дарханның досынан қоңыраулар түсе бастады.
«Заңшыл-дос» бұл мәселені полицияға шағымданбай-ақ шешуді ұсынып, «психолог пен басқа да шығындарға» ақша беруді ұсынды. Ол «қол тигізу болмады» деп, арыз жазған жағдайда ештеңеге қол жеткізе алмайтынымызды айтты.
Бұл — жай ғана жауапкершіліктен қашу емес, жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінбеу және әлеуетті құрбанға деген немқұрайлылық. «124» азаматтық науқаны Дархан секілділерді басты артықшылығынан – анонимдіктен айырады. Дархан, егер әлі түсінбеген болсаң, қайталаймыз: енді сенің азғындығың туралы бүкіл ел біледі.
Дархан секілді желіде балаларды азғырғысы келетіндерге алдын ала ескертеміз: сендер – келесісіңдер!