Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда өгей әкесін көптің көзінше пышақтап өлтіргендер жайлы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Алматыда өгей әкесін көптің көзінше пышақтап өлтіргендер жайлы сұмдық дерек шықты (ВИДЕО)

Алматыда қаскөй ер адамды жасөспірімдердің көзінше пышақтап өлтірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

SHOCK KZ телеграм-арнасының мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 8 шілдеден 9 шілдеге қараған түні Алматы қаласындағы Ремизовка ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам - күдіктілердің бірінің өгей әкесі. Күдіктілер – марқұмның асырап алған қызы мен оның жігіті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тергеу қылмыстың ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал кезінде жасалғанын анықтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар