Алматыда мектеп оқушылары жаппай төбелес шығарды, деп жазады Alash.kz.
Желіде тараған видеодан оқушылардың сауда орталығында жаппай төбелес шығарып, тіпті бір-біріне орындық лақтырғанын көруге болады.
Ал оқушыларды ажырата алмай жүрген ересек әйел адамдардың ойбайлаған дауысын анық естуге болады.
Қазір жаппай төбелес шығарғандардың барлығы полицияға жеткізілген.
Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.