Алматыда көпірден автобус құлап, спринтердің үстіне түскен, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.
12 қыркүйекте Yutong Bus автобусының жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолының 25 шақырымында бұрылу маневрін жасап, рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, содан кейін көпірден Mercedes Benz Sprinter-дің артқы жағына құлап түскен.
Апат салдарынан құлаған автобустың жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.
Автокөліктер арнайы автотұраққа қамалды.
Алматы облысының полициясы жол апаты дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.