Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды: Зардап шеккендер көп

19:14, 03 қыркүйек 2024 211

Алматыда автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Оқиға Жароков пен Жандосов көшелерінің қиылысында болды. Бұл туралы Massaget.kz мәліметінен байқалады. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 3 қыркүйек күні сағат 14:40-да болған.

"Hyundai Porter көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен және жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті", - деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан тек жүк көлігінің жүргізушісі ғана зардап шеккен. Автобус пен жол талғамайтын көліктегі жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар