Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісінің жанжалы видеоға түсіп қалды (Видео)

16:06, 21 қазан 2024 106

Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісі арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Alash.KZ Tengrinews.kz материалына сүйеніп.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға бүгін, 21 қазанда таңертең Назарбаев даңғылында болған.

"Куәгер ер адам автобустың есігін тепкенін, содан кейін жүргізуші жүгіріп шығып, оған ұрса бастағанын айтты. Бірнеше минуттан кейін ер адам пышақ тәрізді затты алып, жүргізушіні қорқыта бастаған. Жазбада жүргізушінің қорғанып жатқанын көруге болады", - делінген бейненің сипаттамасында.

Бейнежазба қазір Алматы полиция департаментінде қаралып жатыр.

"Осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл ретте жанжалға қатысушы әрбір азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?