Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп жазады Alash.KZ.
Алматы қалалық ІІД мәліметінше, қоғамдық көлік бақылаушысы белгіленбеген жерде темекі шегіп тұрған ер адамға ескерту жасаған. Ескертуден кейін екі ер адамның арасында жанжал туындап, күдікті автобусқа кіріп, бақылаушыны пышақпен жарақаттаған.
«Жедел жәрдем бригадасы бақылаушыны дереу ауруханаға жеткізді. Күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы – асхана пышағы тәркіленді», – деді ІІД бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.