Алматының Алмалы ауданында, Төле би көшесінде үш қабатты әкімшілік ғимараттың шатырында ашық жалын шығып, өрт сөндірушілер шұғыл әрекет етуде.
Өрттің жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі бар.
“Төле би мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында тұрғын үйдің шатыры жанып жатыр. Өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерін жүргізушілер жолдан өткізбей жатыр, ал жол неге жабылмағаны белгісіз”, – деп жазды желі қолданушысы.