Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда белсенділер мерзімі өткен өнімдерге қарсы күрес жүргізуде

17:57, 07 тамыз 2025 48

«Сені құрметтемеуге болады» деген ой қалыптасқан жерде – ешкім де құрметтемейді. «Жаңа адамдар» қозғалысы дүкен сөрелеріндегі мерзімі өткен өнім — тұтынушыны сыйламаудың, жүйелі проблеманың салдары екенін айтып отыр, деп жазады Alash.KZ "Жаңа адамдар" парақшасына сілтеме жасап. 

Соңғы бір жыл ішінде «Время истекло» атты азаматтық науқан аясында Алматыдағы 50-ден астам дүкен тексеріліп, барлығынан мерзімі өткен тауарлар анықталды. Белсенділер жаңа дүкенге барса да, бұрын тексерілген орындарға қайта оралса да, сатушылардан бірдей сылтауларды естіді: «Көрмей қалыппыз», «Кездейсоқтық қой», «Қазір алып тастаймыз». Алайда мұндай уәделерден кейін де өнім сөрелерде қала берді.

«Жаңа адамдар» өкілдерінің айтуынша, бұл жағдайдың басты себебі — кей дүкен иелері мен қызметкерлері мерзімі өткен өнімді сатуды мәселе деп санамайды. Яғни, бұл – немқұрайлықтың белгісі.

Жуырда Назарбаев даңғылы, 36к4 мекенжайындағы «Бақ маркет» супермаркетінде қозғалыс белсенділері жарамдылық мерзімі өткен өнімдердің жүйелі сатылып жатқанын анықтады. Сөрелерден шіріген ет, ескірген сүт өнімдері мен құрғақ тіскебасарлар табылды. Денсаулыққа төнетін қауіпке қарамастан, бұл тауарлар ашық сатылымда тұрды.

Дүкен әкімшілігі мерзімі өткен өнімдерді жоюдан бас тартқан соң, белсенділер оларды өз күштерімен сұрыптап, қанша өнімнің жарамсыз екенін дәлел ретінде көрсетті. Қарсылық пен агрессияға қарамастан, үш контейнер мерзімі өткен тауармен толды.

Бұл мәселенің бір ұшы — тұтынушының бейжайлығында. Егер адам өзіне құрметпен қарамаса, өзгеден де соны күтпейді. Ал үнсіздік арқылы біз былай деп тұрғандаймыз: «Менімен осылай жасауға болады». Сол себепті шіріген тауар тек дүкендегі емес, санадағы мәселені де көрсетеді.

Төрехан Бекежан, «Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі:
«Мерзімі өткен өнімді тастап кету — бұл: “Мен өзімді улауға жол бермеймін” деп айту. Бұл — өзіңе деген құрмет. Ал дүкенге құрмет осыдан басталады. Егер әр тұтынушы осылай ашық айтып отырса, сөрелерде бұзылған өнім қалмайды», — дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар