Алматыда атыс болып, бір адам жараланды, деп жазады Alash.KZ.
Атыс туралы толық ақпарат әлі тарамады. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Аталған факт бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері басқа ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.