Алматы әкімдігі 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлген. Оның 30 495 - спорт секцияларына, 35 244 - шығармашылық үйірмелерге арналған.
Бұл елдегі қалалар мен облыстар арасында балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруына бөлінген бюджет қаржысының ең көп бөлігі. Мысалы, Астана қаласында 6,5 млрд теңге, Шымкент қаласында 5,7 млрд теңге, Қызылорда облысында 4,3 млрд теңге және т.б. бөлінген.
Осылайша, өткен жылдан бері белсенді ваучерлер саны 42 958, босаған ваучерлер саны 22 781, берілетін ваучерлердің жалпы саны 65 739 жетті. Айта кетейік, ваучерді алған ата-аналар ол іске қосылғанша балалары секцияға немесе үйірмеге 10 күн ішінде екі рет тегін баруға құқылы.