Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматы тұрғындары «Астана күні» қарсы алды

16:44, 06 шілде 2022 264
Алматыда жыл сайын «Астана күні» тойланады. Биыл да Алатау бөктерінде мерекеге орай әртүрлі шара ұйымдастырылды. «Астана күнін» қаладағы әр аудан өзінше атап өтті.

[gallery ids="9797"]

Бұл жыл сайынғы дәстүр. Биыл сол дәстүр бойынша «Астана күнін» ең бірінші болып балалар атап өтті. Сөйтіп, қаланың орталық мәдениет және демалыс паркінде әртүрлі шығармашылық орталықтардың қала күніне дайындаған концерті өтті.

Жас өнерпаздардың концерті ашық аспан астында өтіп, балалар қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде ән салып, ұлттық аспапта ойнап, би биледі. Қандай мереке болсын, баладан артық шынайы қуанатын, шынайы күтетін кім бар? Мерекелік концертке келген алматылық бүлдіршіндердің көзінен қуаныштың ұшқыны, меркенің шаттығы есіп тұрды.

Одан кейін мерекені Алматының Медеу ауданының тұрғындары қарсы алды. Жыл сайынғы дәстүр бойынша ауданның белсенді зейнеткерлері қарсы алды. Балалар ән салды, олардың аталары мен әжелері би билеп, бірге ән салды.

«Астана күнін» қарсы алуға келген Алматының Медеу ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дина Байсейіт қаладағы кез келген мерекені қызу қарсы алатындарын айтты.

Ол: «Медеу ауданында 28 мың зейнеткер бар. Зейнеттегі қариялар шетінен белсенді, қажырлы. Әсіресе, «Астана күні» сияқты мерекелерді жібермейді. Біз мұндай айтулы күндерді қуана тойлап, қызу қарсы аламыз» деді.

Дина Нұрсейіттің айтуынша, зейнеткерлер мереке күндері Орталық мемлекеттік музейге барған. Олар музейді аралап, Алматы тарихымен етене танысқан. Медеу ауданының зейнеткерлері бізге берген сұхбаттарында, олар өз еріктерімен оқып үйренетіндерін айтты. Мысалы, олар әрүрлі тілдерді оқып, компьютер курстарына қатысып, жаңа технологияны меңгеріп жүргендері де бар.

Медеу ауданында ұлы отан соғысы ардагерлерінен тоғыз қария тұрады. Олар мерекелік концертке қатыса алмағанымен, бұл мерекелік датаның қадірін біледі, шуақты күндерге қалай жеткендерін ұрпақтарына айтып отырады. Соғыс ардагерлеріне теңестірілген қала тұрғыны Рақымжан Нүптекеев концертке келіп, «Астана күніне» арналған мерекелік шараға қатысып қайтады.

Біз әңгімеге тартқан соғыс ардагері Рақымжан Нүптекеев: «Астана күні» жыл сайын қарсы алатын үлкен мереке. Бұл Нұр-Сұлтан қаласының туған күні ғана емес, бұл бәрімізге ортақ мереке. Соғыс ардагері ретінде ұрпақтарға осы күннің қадірін біліп, егемендіктің қасиетін сезініп өссе екен деймін» деп, жастарға тілек тіледі.

«Астана күніне» орай Алматының бірнеше ауданында мерекелік шаралардың өткені туралы айттық. Орталық саябақта басталған мерекелік концерт Түрксіб ауданындағы Сауранбаев пен Спартак көшелерінің қиылысында жалғасып тапты. Ал Сейфуллин көшесіндегі Mega Park сауда орталығы мен Шұғыла ықшам ауданындағы концерттік бағдарлама кешке қарай басталды.

Алматы тұрғындарына арналған мерекелік шара кешке қарай Республика Сарайының жанында жалғасып, концертке 101 тобы, Парвиз Назаров, Кешью, Үркер топтары мен Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев және Серік Ибрагимов қатарлы эстрада жұлдыздары қатысып, әннен шашу шашты. Өнер концерті Алматы тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

Кемел ЖАН
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар